Enactus Kazakhstan
ttem

АКАДЕМИЯЛЫҚ КӨШБАСШЫЛАРҒА


АКАДЕМИЯЛЫҚ КӨШБАСШЫЛАРҒА

Enactus – жай ғана студенттік ұйымнан да үлкен ұйым. Жеке университеттің халықаралық бағдарламаға қатысуы барлық әлемде Enactus –қа қолдау көрсететін жоғары оқу орындарымен ынтымақтастың орнатуға мүмкіндік береді. Enactus ұлттық кеңсесі академиялық жыл бойы семинар, тренинг, оқу материалдарын өткізу арқылы командаға қолдау көрстееді. Командаға жауапты тұлға ұлттық кеңсенің өкілімен ресми байланыс орнатады. Enactus бағдарламасында команданың жетекшісін «эдвайзер» деп атайды. Ол студенттер үшін кейінгі карьерасында қолдануға жарамды маңызды тәжірибе береді. Бұл студенттердің өмірін өзгертетін және өз университетіңіздің имиджіне әсер ететін пайдалы кәсіптік тәжірибе.



ӨЗ СТУДЕНТТЕРІҢІЗДІ МОТИВАЦИЯЛАУ

Enactus бағдарламасы студенттерге бизнес пен экономиканың шынайы мәселелерін шешуде қолдана алатын білім, дағды мен тәжірибе бере отырып, бизнес көшбасшылары мен ЖЖ-ның әріптестігін дамытатын үздіксіз үдеріс болып табылады. Бұл бағдарлама университет біліміне қосымша білім болып табылады, өйткені іс жүзінде теориялық білімді қолдануға және практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, студенттер өз білімі мен өз мақсаттарына үлкен серпінмен және жауапкершілікпен қарайтын болады.


ҚОҒАММЕН ҚАТЫНАС

Enactus – бұл сіздің университетіңіз бен қоғам арасында қатынас орнатудың тамаша құралы. Enactus бағдарламасының икемділігі барлық әлемде маңызды сипат алуға мүмкіндік береді. Enactus бағдарламасының жобалық қызметінің мақсаты - командалар мен олардың университеттеріне өздерін қоғамның белсенді әрі бастамашыл азаматтары ретінде көрсетуге мүмкіндік беру болып табылады. Табысты Enactus командасы ЖОО-дағы білім сапасын, студенттер көзқарасының кеңдігін және өздерінің қоғамда атқарып отырған рөлдерінің маңызын көрсетеді. Бағдарлама шеңберінде жергілікті бизнес жүргізуді үйренуге, барынша танымал болу мен БАҚ-да кеңінен жариялануға мүмкіндік береді.

БАСҚА КӨШБАСШЫЛАРМЕН БАЙЛАНЫС ЖАСАУ

Команданың жетекшісі ретінде Сіздің аймақтық, ұлттқ және халықаралық деңгейде Enactus-тың көптеген іс-шараларына қатысуға мүмкіндігіңіз болады. Осы іс-шаралар жыл бойы өткізіліп, дәстүрлі академиялық жағдайдан тыс жаңа байланыстар орнатуға, бизнес-ортадағы тұрақты өзгеріп отыратын жағдайын дер кезінде ұғынуға және өзара тиімді әріптестік қатынастар орнатуға мүмкіндік береді. Жеке байланыстардан басқа, Enactus бағдарламасы бизнес-ортада өз университетіңіздің беделін арттыруға мүмкіндік ұсынады.