Enactus Kazakhstan
ttem

СТУДЕНТТЕРГЕ


ӨМІРЛІК ТӘЖІРИБЕ АЛУ

Enactus бағдарламасына қатыса отырып, студенттер табысты карьера жасауға қажетті нағыз тәжірибе, дағдылар мен байланыстарға ие болады, сонымен қатар қоғамның жақсы жағынан өзгеруіне үлес қосу мүмкіндігін алады. Enactus студенттері бұл - бәсекелестік пен табысқа жетуге ұмтылыс рухы, әділдік және беру ниетімен үйлесе түсетін көшбасшылар. Enactus командасының мүшесі бола отырып, сен 62000 студенттен құралған ғаламдық бағдарламаның бір бөлігіне айналасың, мұнда әр адам әлемдегі ең үздік нәрсені жасайтын жалпы миссияға өзіндік үлес қосады. Бұл мұқтаж адамдардың өмірін, тіпті сіздің де өміріңізді өзгертуі мүмкін тәжірибе.


Өмірге дайындалудың үздік тәсілі - бұл нақты мәселелерді шешу. Егер сен Enactus студенті болсаң, сенде осындай мүмкіндік бар. Бұл оқу шеңберіндегі ынталандырғыш та, жаттығу да емес. Нақты адамдарға нақты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін осындай бағдарлама әзірлеу мен іске асыру үшін, сен біліміңді қолдануға қабілеттісің бе? Enactus командалары отбасыны қаржылай тұрақтылыққа қол жеткізуге үйретеді, өнімді жұмыс орнын алу үшін жұмыссыздарды қажетті дағдылармен қаруландырады, кәсіпкерлік ісін енді бастаған кәсіпкерлерді табысқа жетуге баулиды, экономикалық артта қалған аудандардың дамуын жандандырады. Жол-жөнекей сен өмірлік тәжірибемен ғана келетін командамен жұмыс атқару, көшбасшылық пен қарым-қатынас дағдыларын дамыта түсесің.


ҰЛЫ КАРЬЕРАНЫҢ БАСТАУЫ

Бізді Enactus-та алатын тәжірбиені жоғары бағалайтын әлемнің үздік компаниялары қолдайды. Enactus студенттерімен кездесу және оларды жұмысқа қабылдау мүмкіндігі үшін олар өзара қатты бәсекелеседі. Сенің Enactus жарыстарында, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінде және басқа да іс-шараларда осы компаниялардың басшыларымен және HR- менеджерлерімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігің болады. Саған оқудан жұмысқа көшуге мүмкіндік беретін эксклюзивті карьералық ресурстарға кіру мүмкіндігі ұсынылады. Жыл сайын мыңдаған студенттер Enactus-та алған өз білімдері мен байланыстарын пайдалана отырып, Enactus-ты демеуші компаниялармен карьерасын бастайды. Enactus. – бұл әлемнің үздік компанияларының көшбасшыларымен танысу мүмкіндігі!

ӨЗ УНИВЕРСИТЕТІҢІЗДІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАҢЫЗ

Сен Enactus бағдарламасы шеңберінде ЖОО танытатын команданың мүшесі бола аласың. Enactus негізі – бұл университеттің имиджі мен беделіне тікелей әсер ететін командалық жұмыс. Студенттер ұлттық жарыстарда өз университетінің мүддесін танытады. Егер сіз жеткілікті дәрежеде жақсы команда болсаңыз, онда әлемнің үздік командаларымен бірге чемпион титулын жеңіп алуға мүмкіндік аласыз. Команда болып жұмыс істеу тәжірибесін ала отырып, жобаларды іске асырып, қиындықтар мен жеңілістерді еңсере отырып, жарыстарға қатысу арқылы сен және сенің жолдастарың ғұмыр бойы жалғасатын достыққа дәнекер болады.