Enactus Kazakhstan
mission

МИССИЯСЫ

Адамзаттың ілгерілеуі әрқайсымыздың ішімізде өмір сүретін кәсіпкерлік рухты іске қосу және оны өз әлеуетімізді, жеке қасиеттерімізді дамытуға, жақсы әлем құруға бағыттау қабілетімізге байланысты.


Enactus белсенді студенттерді, академиялық және іскер көшбасшыларды біріктіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым болып табылады. Олар бірігіп, мұқтаж адамдардың өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту үшін кәсіпкерлік әдісті пайдаланады. Оқытушы мен бизнес-көшбасшының қолдауына сүйене отырып, Enactus студенттері барлық әлемде жобалар жасап, оларды іске асырады. Жобаларды іске асыру барысында алынған тәжірибе өмірді өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар студенттерге нағыз көшбасшы болуға көмектеседі.



Enactus бағдарламасы студенттерге бизнес пен экономиканың шынайы мәселелерін шешуде қолдана алатын білім, дағды мен тәжірибе бере отырып, бизнес көшбасшылары мен ЖЖ-ның әріптестігін дамытатын үздіксіз үдеріс болып табылады. Бұл бағдарлама университет біліміне қосымша білім болып табылады, өйткені іс жүзінде теориялық білімді қолдануға және практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, студенттер өз білімі мен өз мақсаттарына үлкен серпінмен және жауапкершілікпен қарайтын болады.






36 36 36 36