Enactus Kazakhstan
ttem

CAMPS



ENACTUS EURASIA BUSINESS INNOVATION ACCELERATION CAMP

Enactus Kazakhstan ұлттық кеңсесі Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік грантын жүзеге асыру аясында өз-өзіңді жетілдіріп, Қазақстандағы жаңа жерлерді ашуға тамаша мүмкіндік береді. Біздің Enactus Eurasia Business Innovation Acceleration Camp 2019 қатысыңыз. ⠀

Бұл ауқымды шара 18-23 тамыз аралығында Алматы облысы, Текелі қаласында өтеді. Қатысушыларды қарқынды бағдарлама күтуде, оған семинарлар, дәрістері, оқу және сауықтыру іс-шаралары, туристтік серуендеу, teambuilding және әр түрлі елдерден келген Enactus студенттерінің жеке жетістіктерінің тарихы кіреді. Айта кетсек, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан студенттері де қатысуды жоспарлауда. Сонымен қатар, біз Enactus Eurasia Business Innovation Acceleration Camp-та тегін орындарға конкурс өткізудеміз! Грант алу үшін сіз инновациялық идеялар фестиваль-көрмесінде қатысушы болуыңыз керек!

Тіркелу мен толық ақпарат www.enactuskazfest.kz






ENACTUS QAZAQSTAN SPRING CAMP 2019







ENACTUS Winter Camp 2019





Қатысушыларды бөлімшелерге бөліп, ғимараттарға қоныстандырды. Содан соң ұйымдастырушылар студенттерге арналған квест өткізді, оның барысында балалар кездесіп, бір-бірімен достасып кетті. Сонымен қатар, Faculty Advisors сессиясы өтті, онда академиялық эдвайзерлер студенттердің кәсіпкерлігі, стартаптары мен инновацияларын ұлттық чемпионатта командаларды дайындау мәселелерін талқылады.

ENACTUS Winter Camp 2019 аясында Азамат Утеновтің дәстүрлі Reading Club-ы өтті, оның барысында қатысушылар «Өнер» тақырыбын талқылады.

KAZAKHSTAN президенті - Ержанова Альбина Мейірбекқызы мастер-класс өткізді, онда студенттер ұйымды дұрыс таныстыруды үйренді. Кейін ENACTUS бағдарламасының түлегі Даниал Какабаев "Great ENACTUS Project" тақырыбында тренинг өткізді, онда ол өз тәжірибесімен және білімімен бөлісті.

Қатысушылар ENACTUS бағдарламасының түлегі - Нуриза Бақтыбекованың «Стратегиялық жобаларды жоспарлау» тақырыбындағы тренингісі мен ұлттық кеңсе бағдарламасының менеджері - Меруерт Жүсіптің «Команда портфолиосы» тақырыбындағы тренингісіне қатысты.

Сонымен қатар, ENACTUS KAZAKHSAN серіктестерінің қатысуында салтанатты ашылумен қатар, Азамат Утеновпен бірге «Не? Қайда? Қашан?» атты зияткерлік ойын өтті.

ENACTUS Winter Camp 2019-дың 3 күніңде Тұран университетінің стратегиялық даму жөніндегі проректоры - Нурмуханова Гүлнардан «Менеджмент негіздері» тақырыбында тренинг өтті. ⠀

ENACTUS KAZAKHSTAN директорлар кеңесінің мүшесі Мұрат Ілиясов қатысушыларға аудиторияны қалай тарту керектігін айтты, ал шетелдік қонақтар -Linda мен Edward McPherson «Табыс кілті» тақырыбында тренинг өткізді. ⠀

Ұлттық кеңсенің бағдарламалық директоры Айдар Какабаев «GREAT ENACTUS PROJECT» тақырыбында тренинг өткізді, ал ұлттық кеңсенің PR-менеджері Назерке Орынхан студенттерге команданы қалай жетілдіру керектігін айтып берді.продвижении команды


ENACTUS EURASIA SUMMER CAMP 2018





Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында ENACTUS Қазақстан ұлттық кеңсесі «Тұран» университетімен бірлесіп, Алматы облысы әкімдігі мен іскери серіктестерінің қолдауымен ENACTUS Eurasia Summer Camp 2018 студенттері үшін жастар лагерін ұйымдастыруда.

Іскери серіктестер: Raimbek, KPMG Kazahstan and Central Asia, Шеврон, Asia Waters «Туран Су» сауда маркасымен, Mall Aport, Эйр Астана, LG, Qazaq banki, Beeline Қазақстан, Аграрлық несие корпорациясы, TSSP, Тәртіп, Халықаралық қаржы орталығы. «Астана».

Лагерьге тек Қазақстан студенттері ғана емес, сонымен қатар Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина студенттері де қатысады.