Enactus Kazakhstan
ttem

Бизнес

БИЗНЕС-КӨШБАСШЫЛАР


Enactus демеушілері елімізде өмір сүру сапасын арттыру, қоғамды жетілдіру және болашақ іскер көшбасшыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу бойынша біздің жұмысымызды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде Enactus-пен ынтымақтасу компанияның портфолиясына қосылған тамаша толықтыру болып табылады. Enactus үздік студенттердің рекрутингін, Enactus іс-шараларына қатысу мүмкіндігін береді. Компанияның мүддесі мен міндеттеріне тәуелсіз, біз компанияның мақсаттарына қол жеткізу үшін жобалар әзірлеу мен іске асыруға дайынбыз.


ҮЗДІК КАДРЛАР РЕКРУТИНГІ

Біз халықаралық бизнес үшін мамандар дайындаймыз. Enactus бағдарламасының жұмыс тәжірибесі, студенттерді бастаманы өз қолына алуға, жобалар әзірлеу мен іске асыруға, командада жұмыс істеуге үйретеді. Жұмыс берушілер атап өткендей, Enactus студенттері оқудан жұмысқа көшуге жақсы дайындалған, олар корпоративтік мәдениетті жылдам қабылдайды. Enactus бітірушілері қызмет баспалдағымен едәуір жылдам өседі. Enactus-тың демеушілері мен әріптестері студенттердің деректер базасына қол жеткізеді, іс-шара шеңберіндегі бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысады, сондай-ақ студенттер үшін онлайн хабарландырулар тарату мен жасау құқығын иеленеді..



БАСҚА КӨШБАСШЫЛАРМЕН ТАНЫСУ

ҚОҒАМҒА ТАНЫЛУ

Enactus, ұйымдастырған іс-шаралар жыл бойы өткізіледі. Сіз ірі халықаралық және ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен форум және конференцияларға қатысасыз. Өз іс-шараларымызда біз компания басшылары, ЖОО студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамындағы қызметкерлер үшін диалогтық алаң құрамыз. Демеуші ретінде сіз біздің іс-шараларымызға қатысуға, жаңа байланыстар орнатуға, жоғары оқу орындарымен және басқа да компаниялар басшыларымен қатынасты нығайтуға мүмкіндік аласыз.

Enactus бағдарламасына қолдау көрсете отырып, сіздің компанияңыз жоғары оқу орынданының студенттері, қызметкерлері мен бизнес-қауымдастық арасында беделге ие болады. Бұл қауымдастық пен Enactus бағдарламасына қатысушылар арасында брэндті ілгерілетудің мүмкіндігі болып табылады. Сіз жекелеген іс-шаралардан бастап, жыл сайынғы жарналар және бастамашыл жобаларға қолдау көрсетуді аяқтай отырып, Enactus бағдарламасына демеуші бола аласыз. Біз сіздің компанияңызды ілгерілетуге қажетті өз ресурстарымызды ұсынуға дайынбыз.