Enactus Kazakhstan
ttem

ХАБАРЛАНДЫРУ




ХАБАРЛАНДЫРУ


Инновациялық жобалардың көрме - фестивалі

Enactus Kazakhstan ұлттық офисі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылатын Инновациялық жобалардың көрме – фестиваліне Сіздерді қатысуға шақырады. ⠀

Бұл екі күндік ауқымды іс-шара 7-8 қараша аралығында Алматы қаласында өтеді. Инновациялық жобалардың көрме – фестивалі жастар мен бизнес-тәлімгерлердің ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ инновациялық идеяларды өзгелерге таныстыру алаңы болмақ. Көрме – фестивалге қатысу үшін инновациялық идея немесе бизнес-жоба ұсыну шарт. ⠀
Жас ерекшелігіне қарай үміткерлер 3 санатқа бөлінетін болады:
- 13 жастан 16 жасқа дейін
- 17 жастан 23 жасқа дейін
- 24 жастан 32 жасқа дейін

Фестиваль қорытындысы бойынша 15 номинация бойынша жүлделі орындардың иелері анықталады. Сонымен қатар, әлеуетті қатысушылар жазғы Business Innovation Acceleration Camp бизнес-лагерінде және аймақтық тренингтерде өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктері бар. Көрме – фестивалге кез-келген қатысам деушілер қатыса алады.

Тіркелу және толық ақпарат www.enactuskazfest.kz сайтында көрсетілген.

⠀ ⠀#cisc #enactus #enactuskaz #enactuskazfest

ENACTUS EURASIA BUSINESS INNOVATION ACCELERATION CAMP

Enactus Kazakhstan ұлттық кеңсесі Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік грантын жүзеге асыру аясында өз-өзіңді жетілдіріп, Қазақстандағы жаңа жерлерді ашуға тамаша мүмкіндік береді. Біздің Enactus Eurasia Business Innovation Acceleration Camp 2019 қатысыңыз. ⠀ Бұл ауқымды шара 18-23 тамыз аралығында Алматы облысы, Текелі қаласында өтеді. Қатысушыларды қарқынды бағдарлама күтуде, оған семинарлар, дәрістері, оқу және сауықтыру іс-шаралары, туристтік серуендеу, teambuilding және әр түрлі елдерден келген Enactus студенттерінің жеке жетістіктерінің тарихы кіреді. Айта кетсек, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан студенттері де қатысуды жоспарлауда. Сонымен қатар, біз Enactus Eurasia Business Innovation Acceleration Camp-та тегін орындарға конкурс өткізудеміз! Грант алу үшін сіз инновациялық идеялар фестиваль-көрмесінде қатысушы болуыңыз керек!

Тіркелу мен толық ақпарат www.enactuskazfest.kz