Enactus Kazakhstan
ttem


17 ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ

БҰҰ Саммитінде (2015 ж. 25-27 қыркүйек) Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүше-мемлекеттері негізінде Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) жатқан 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады. Ресми түрде Күн тәртібі Мыңжылдық Даму Мақсаттарының әрекеті аяқталған соң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, 2030 жылға дейін әрекет етеді және барлық елдерге қолданылады. Күн тәртібінің мақсаты әділетті, құқықтарға негізделген, тең құқықты әрі инклюзивті әлем құру болып табылады. Ол мүдделі тараптарды тұрақты әрі инклюзивті экономикалық дамуды ілгерілету, әлеуметтік даму және қоршаған ортаны қорғау жолында әйелдерді, балаларды, жастар мен келешек ұрпақтарды қоса барлығы үшін ортақ пайдаға бағытталған ынтымақтастыққа міндеттейді. Ол мемлекеттердің халықаралық құқық бойынша әрекеттегі міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылады (18-тармақ). Бұл жаһандық күн тәртібін жүзеге асыру барлық деңгейлерде қазіргі заманның мәселелерін шешу үшін тұрақты дамуға және ұжымдық әрекеттерге қатысты кешенді тәсілдемені талап етеді, бұл орайда ең басты міндет «ешкімді артта қалдырмау» мен негізгі айқындаушы ерекшелік ретінде теңсіздік пен кемсітушілік мәселесін шешу болып табылады. Кейбір ұлттық үкіметтер, мекемелер мен ұйымдар жаңа күн тәртібін өздерінің даму жоспарларына, стратегиялары мен келешеккөріністеріне айналдыра да бастады.